Мәзір

"Хат жазып кеткен": бес баланың анасы сұмдық әрекетке барған

"Хат жазып кеткен": бес баланың анасы сұмдық әрекетке барған "Хат жазып кеткен": бес баланың анасы сұмдық әрекетке барған
Фото: istockphoto.com

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға бес баланың анасына қатысты ауыр жағдай баяндалған хат келіп түсті. Әйел күйеуінің ұзақ уақыт бойы көрсеткен зорлық-зомбылығына шыдай алмай, өзіне қол жұмсамақ болған. Абырой болғанда, оны аман алып қалған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Human Rights Lawyers қорының «Азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасына бір әйел көмек сұрап жүгінген. Оқиғадан кейін анасы қызының қалтасынан хат тауып алған. Онда әйел өзіне қол жұмсамақ болуына не себеп болғанын жазып кеткен.

Хаттағы мәліметтерге сәйкес, күйеуі әйелін ұрып-соғып, қорлап, үнемі психологиялық қысым көрсеткен. Тіпті өзін де, анасын да өлтіремін деп қорқытқан. Сонымен қатар ер адамның басқа әйелмен қарым-қатынасы болып, одан екі баласы бар екені айтылған.

Ләззат Рақышева әйелдің ұзақ уақыт бойы қорқыныш пен үрейде өмір сүріп, зорлық-зомбылыққа төзіп келгенін жеткізді.

Құқық қорғаушы Алматы қаласының полиция департаментіне үндеу жасап, ер адамның не себепті әлі күнге дейін қамауға алынбағанын сұрады.

«Неліктен отбасындағы зорлық-зомбылық дер кезінде тоқтатылмайды? Неліктен адам өлтіремін деген қоқан-лоққыларға тиісті құқықтық баға берілмейді? Неліктен әйелдің жанайқайы естілмей, мәселе осындай қайғылы жағдайға дейін жетеді?» – деп жазды ол.

Құқық қорғаушы полициядан осы жағдайға назар аударып, тиісті шара қабылдауды сұрады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2