Мәзір

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында Кеңес төрағасы қызметіне Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру тәртібіне қатысты бірқатар мәселеге тоқталды.

Кеңес төрағасын оның мүшелері жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Кандидат сайлануы үшін Кеңес мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысын жинауы қажет. Сайлау отырысы Кеңес құрамының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда заңды деп танылады.

Бір адам Кеңес төрағасы қызметіне екі реттен артық сайлана алмайды.

Төраға Кеңестің жұмысына басшылық етеді, сессияларды шақырады, күн тәртібін белгілейді және отырыстарға төрағалық етеді. Сонымен қатар Кеңес мүшелерінің арасынан екі жыл мерзімге орынбасарларын тағайындайды.

Қазақстан Халық Кеңесі – халықтың мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган. Оның құрамына 126 адам кіреді. Олардың 42-сі этномәдени бірлестіктерден, 42-сі қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардан, тағы 42-сі мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден өкілдік етеді.

Кеңес ішкі саясат бойынша ұсыныстар әзірлей алады. Сондай-ақ Құрылтайға заң жобаларын енгізуге және бүкілхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеруге құқылы.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі публицист Бигелді Ғабдуллин Сенат пен Мәжілістің бұрынғы басшылары Мәулен Әшімбаев пен Ерлан Қошановтың қызмет жолына қатысты болжам айтқан еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2