Мәзір
Бүгін, 20:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Непалдағы апат: жоғалған үш қазақстандық әлі табылған жоқ

Қытай мен Непал шекарасындағы табиғи апат болған аймақта жоғалған үш қазақстандықты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге олар туралы жаңа ақпарат жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Өсенов мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Непалдағы апат: жоғалған үш қазақстандық әлі табылған жоқ Непалдағы апат: жоғалған үш қазақстандық әлі табылған жоқ
Фото: Анадолы

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен бірлесіп, іздестіру жұмыстарына қатысып жатыр.

«Өкінішке қарай, қазіргі таңда үш азаматымызға қатысты жаңа ақпарат жоқ. Дипломаттарымыз жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», – деді Жанболат Өсенов.

СІМ өкілі жоғалған азаматтардың жақындарымен байланыс орнатылғанын атап өтті.

Бұған дейін Қытай мен Непал шекарасындағы табиғи апат аймағында үш қазақстандықтың хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай-Непал шекарасындағы апаттан үш қазақстандық іздестіріліп жатқаны хабарланған еді. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2