Мәзір
Бүгін, 16:33 / BuginMedia / Әлеумет

Актер Нұрсұлтан Жақсыген сотталғаннан кейін экс-жұбайы мәлімдеме жасады

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыген сотталғаннан кейін оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Актер Нұрсұлтан Жақсыген сотталғаннан кейін экс-жұбайы мәлімдеме жасады Актер Нұрсұлтан Жақсыген сотталғаннан кейін экс-жұбайы мәлімдеме жасады
Фото: видеодан алынды

Сот Жақсыгенді көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған. Үкімнен кейін Фариза Алмасқызы көз жасына ерік беріп, ар-намысының қорғалғанына қуанышты екенін айтты.

«Үкім шықты. Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Қазір намысым қорғалып, ақталып шыққаныма қатты қуанып тұрмын. Себебі, өте үлкен жала жабылған болатын. Үстімнен ауыр жүк түскендей болды, жеңілдеп қалдым. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рақмет», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін актерге әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратып, адамның ар-намысына нұқсан келтірді деген айып тағылған. Сот үкімінен кейін ол жазасын өтеу үшін сот залынан қамауға алынған.

Айта кетейік, бұған дейін актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2