Мәзір
3 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Саясат

«Мемлекетке қарыз»: министр экс-банкир Жомарт Ертаевтың тез бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді

144 миллиард теңге жымқырды деп сотталған экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты. Ол Конституция күніне орай рақымсшылыққа іліккен.Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлады buginmedia.kz.

«Мемлекетке қарыз»: министр экс-банкир Жомарт Ертаевтың тез бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді «Мемлекетке қарыз»: министр экс-банкир Жомарт Ертаевтың тез бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді
Фото:azh.kz

Журналист 144 жымқырған адам боес жылдан кейін қалай тез бостандыққа шығып кетті. ол Конституция күніне орай рақымшылыққа ілікті ме деп сұрады.

«Бұл соттың шешімі. Ол Конституция күніне орай өтініш берген. Бұл оның құқығы. Жомарт Ертаев мемлекет алдында қарыз. Сондықтан пробациялық бақылауда болады. Апелляциялық қарсылық таныту болуы мүмкін. Соттың шешіміне қатысты пікір білдіре алмаймын», - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шыққаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады. 

Еске салайық, бұған дейін экс-банкир Жомарт Ертаев 2020 жылы Bank RBK-тен 144 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып, 11 жылға сотталды, кейін жазасы 9 жылға қысқартылды. Жомарт Ертаев Заречный кентіндегі №14 колонияда жазасын өтеп жатқанда, ҰҚК қызметкері Рабисұлтан Арысбаев одан тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін ақша талап етіп, 4,8 млн теңге алған сәтінде ұсталды. 2023 жылы сот Арысбаевты 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, арнайы атағынан айырды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2