Мәзір
Бүгін, 09:30 / BuginMedia / Әлеумет

Ақбаян Мұханғалиева психикалық денсаулық орталығынан шыққаннан кейін балаларымен кездесті (видео)

Ақбаян Мұханғалиева психикалық денсаулық орталығынан шыққаннан кейін балаларымен қайта қауышты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақбаян Мұханғалиева психикалық денсаулық орталығынан шыққаннан кейін балаларымен кездесті (видео) Ақбаян Мұханғалиева психикалық денсаулық орталығынан шыққаннан кейін балаларымен кездесті (видео)
фото: ІІМ

Ақбаян — Атырау облысының Жангелдин ауылында 2025 жылдың соңында болған қайғылы оқиғадан аман қалған жалғыз адам. Сол кезде оның ата-анасы, ағасы мен әпкесі қаза тапқан. Адам өлтіру ісі бойынша оның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Қазір Ақбаян туыстарының бақылауында болып, оңалтудан өтіп жатыр. Жақындарының айтуынша, оның жағдайы жақсы. Балаларымен кездесуі оның қалпына келу жолындағы маңызды қадам болған. Балаларымен араласуы оның эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп жатыр.

Алайда Ақбаянға жақындарының қайтыс болғаны әзірге айтылмаған. Туыстары бұл ақпарат оның психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Бұл туралы оған қашан және қалай айту керегін оның жағдайы одан әрі тұрақталғаннан кейін шешпек.

Қазір Ақбаян туысының үйінде тұрып жатыр. Оның басты тілегі — балаларымен бірге болу және болашақта олармен бірге тұру. Отбасы баспана сатып алуға «Харекет» қайырымдылық қорының көмегіне үміт артып отыр.

Туыстары оның емделуі мен оңалуын жалғастырып жатыр. Олар Ақбаян уақыт өте келе толықтай қалпына келеді деп үміттенеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2