Депутаттың айтуынша, әлеуметтік желіні шамадан тыс пайдалану балалардың психологиялық жағдайына, ұйқысына және оқуына кері әсер етуі мүмкін.
Әшімжановтың келтірген дерегінше, Қазақстанда 9–10 жастағы балалардың 60 пайызы, 11–12 жастағылардың 66 пайызы әлеуметтік желілерде аккаунт ашқан. Ал балалардың 88 пайызында жеке смартфон бар.
Осыған байланысты депутат балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, мектептерде медиасауат пен цифрлық гигиенаны оқытуды және әлеуметтік желінің балаларға әсерін зерттейтін ұлттық мониторинг жүйесін енгізуді ұсынды.
«Мәселе баланың әлеуметтік желіде отыруында ғана емес, оның уақыты мен жадын жоғалтуында», — деді Жанарбек Әшімжанов.