Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байелдің айтуынша, аталған бағыттағы жолаушылар тасымалы 2020 жылға дейін жұмыс істеген. Кейін коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған.
Дипломаттың мәліметінше, паром қатынасы тоқтағанға дейін Каспий арқылы жылына шамамен 1,5 мың жолаушы қатынаған. Оның пікірінше, бағыт қайта ашылса, жолаушылар саны бұдан да артуы мүмкін.
Қазір екі елдің көлік саласына жауапты ведомстволары паром қатынасын мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл қадам Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы туристік және көлік байланыстарын кеңейтіп, Орта дәліздің әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан мен Әзербайжан арасында әуе қатынасы да бар. Баку мен Астана, Алматы, Шымкен