Мәзір
3 қараша, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Петропавлда түнгі клуб маңында жасөспірімді пышақтап кеткен

Петропавлда түнгі клубтың маңында жасөспірімдер арасында төбелес болып, 17 жастағы бозбаланы пышақтап кеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Петропавлда түнгі клуб маңында жасөспірімді пышақтап кеткен Петропавлда түнгі клуб маңында жасөспірімді пышақтап кеткен
Фото: istockphoto.com

Оқиға 2 қарашада сағат кешкі 19.00 шамасында болған. Интернационал көшесі бойындағы «Қазақстан» кинотеатры маңында төбелес болып, жасөспірімдердің бірі екіншісіне пышақ тығып алған.

"Жарақат алған 17 жастағы бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Оның арқасына пышақ тығып алған. Жасөспірімге ота жасалды. Ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр", — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен облыс орталығының кәмелетке толмаған тұрғынын ұстады. Қазір аталған оқиғаға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазір баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жасөспірімнің ата-анасын жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралуда. Кәмелетке толмаған бала да профилактикалық есепке алынды. Қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізу бойынша шаралар қабылдануда", — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, "Қазақстан" кинотеатрының ғимаратында орналасқан 5/15 түнгі клубында жастарға арналған мерекелік шара өткен. Жасөспірімдер онда Хэллоуинді тойлау үшін жиналған. Ондай шара еліміздің бірқатар қаласында ұйымдастырылған.

Апта талқысында: