Мәзір
Бүгін, 09:48 / BuginMedia / Жаңалықтар

ҚТЖ пойызға билетті әйелдерге бөлек, ер адамдарға бөлек сатуды жоспарлап отыр

Қазақстанда жолаушылар пойызындағы купелерді әйелдер мен ерлерге бөлек сату мәселесі қарастырылып жатыр. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы билет сатудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлаған. Қазір жоба әзірленіп, мамандар зерттеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

ҚТЖ пойызға билетті әйелдерге бөлек, ер адамдарға бөлек сатуды жоспарлап отыр ҚТЖ пойызға билетті әйелдерге бөлек, ер адамдарға бөлек сатуды жоспарлап отыр
Ашық дереккөз

Мұндай ұсыныс пойыздарда әйел жолаушыларға қатысты әдепсіз әрекеттердің жиілеуіне байланысты көтерілген. Қоғамдық желі қолданушыларының бірі Түркиядағы тәжірибені Қазақстанда енгізуді ұсынды. Онда купедегі алғашқы билетті кім сатып алса, қалған орындар сол жолаушының жынысына қарай сатылады.

«Қазақстан темір жолы» бұл жүйені енгізу жоспары бұрыннан бар екенін мәлімдеді. Алайда жаңа тәртіпті бірден енгізу мүмкін емес. Компанияның мәліметінше, шешім қабылдау үшін жан-жақты зерттеу жүргізіліп, мамандардың қорытындысы қажет.

Қазірдің өзінде Қазақстанда тек әйелдерге арналған вагондар бар. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылып, бірнеше бағыттағы пойыздарға енгізілген.

Дегенмен заңгерлер жолаушыларды жынысына қарай жаппай бөлу мәселесіне сақтықпен қарау керек деп есептейді. Заңгер Алексец Божковтың пікірінше, мұндай тәжірибе қоғамды одан әрі жіктеуге әкелуі мүмкін.

«Вагонды әйелдердікі, ерлердікі деп бөлудің салдары басқа да жағдайға жеткізуі мүмкін. Бұл қоғамды екіге бөледі. Ал оның соңы қалай болатынын білмейміз», – деді ол.

Мамандардың пікірінше, мәселені жолаушыларды жынысына қарай бөлумен емес, қауіпсіздік шараларын күшейту арқылы шешкен тиімді. Олар пойыздардағы бейнебақылауды арттырып, тәртіпті қадағалайтын қызметкерлердің санын көбейтуді ұсынады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2