Мәзір
Бүгін, 09:26 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда 9 қыркүйекте 35 градусқа дейін ыстық болады

Бүгін, 9 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі ыстық ауа райы сақталады. Ал батыс өңірлерде температура төмендеп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанда 9 қыркүйекте 35 градусқа дейін ыстық болады Қазақстанда 9 қыркүйекте 35 градусқа дейін ыстық болады
Ашық дереккөз

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +14…+16°C, күндіз +30…+32°C болады.

Алматыда да күн ала бұлтты, жаңбыр жаумайды. Түнде +15…+17°C, күндіз ауа температурасы +31…+33°C-қа дейін көтеріледі.

Шымкентте күн ала бұлтты болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ыстық ауа райына байланысты Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2