Мәзір
Бүгін, 13:10 / BuginMedia / Жаңалықтар

Мектепке боянып келуге бола ма: министрдің жауабы

Журналистер Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға оқушылардың мектепке макияж жасап келуіне рұқсат етіле ме деп сұрады. Министрдің айтуынша, әр мектепте оқушылар сақтауы тиіс ішкі тәртіп ережелері бар,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мектепке боянып келуге бола ма: министрдің жауабы Мектепке боянып келуге бола ма: министрдің жауабы
baq.kz

Министрдің айтуынша, әр мектепте оқушылар сақтауы тиіс ішкі тәртіп ережелері бар.

"Меніңше, барлық мектеп оқушысы мектеп формасымен келуі керек. Бұл – заңның талабы. Сонымен қатар әр мектептің өз ішкі тәртіп ережесі бар. Биыл білім беру ұйымдары осы ережелерге сәйкес оқушылардың сыртқы келбетіне қатысты талаптарды нақтылай бастаған. Біз оқушының сыртқы келбеті оқу процесіне кедергі келтірмеуі керек деп есептейміз. Балаларды сыртқы бейнесіне байланысты кемсітуге немесе дискриминациялауға жол берілмеуі тиіс. Барлық оқушыға ортақ талап сақталып, олардың сыртқы келбеті ұқыптылық пен әдептілікті көрсетуі қажет деп санаймыз", - деді министр.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың мектепке макияж жасап келуі қоғамда қызу талқыланды. Сол кезде Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шынар Ақпарова министрлік бұйрығында мектепке боянып келуге қатысты нақты тыйым жоқ екенін түсіндірген еді. Оның айтуынша, бұл мәселе әр мектептің ішкі тәртіп ережесімен реттелуі мүмкін. Яғни білім беру ұйымдары өз ережесінде оқушылардың мектепке макияжсыз келуіне қатысты талап енгізе алады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2