Мәзір
Бүгін, 13:19 / BuginMedia / Жаңалықтар

ҰҚК 24 қылмыстық топтың қызметі тоқтатқан

Адам ұрлау, бопсалау және қаруды заңсыз сақтау — Қазақстандағы қылмыстық топ мүшелеріне бірқатар ауыр қылмыс бойынша айып тағылып отыр. Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, 24 қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

ҰҚК 24 қылмыстық топтың қызметі тоқтатқан ҰҚК 24 қылмыстық топтың қызметі тоқтатқан
Фото: видеодан алынды

Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде топ жетекшілері ұсталды.

Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2