Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстанның Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалды. Тиісті Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.
Сондай-ақ Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұл лауазымға алғаш рет 2025 жылғы 8 маусымда тағайындалған болатын.
«Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.
Осылайша, Сәденов пен Қосанов өз ведомстволарының басшысы қызметін әрі қарай жалғастырады.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалған еді.