Сахнаға қайта оралған әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі парақшасында уақыттың қадірі мен адам арасындағы қарым-қатынас туралы ой бөлісті.
Өнер иесі адамдардың бір-бірін бағалай білуі маңызды екенін айтты.
«Біздің өмір сүруге уақытымыз шынымен де аз. Сізді таңдайтын адамдарды таңдаңыз және басқаларды жайына қалдырыңыз», – деп жазды әнші.
Айдананың бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, оқырмандар оның жеке өміріне қатысты түрлі пікір білдірді. Сонымен қатар көпшілік әншінің сахнаға қайта оралғанына қуанышын жеткізіп, шығармашылығына жылы лебіздерін жазған.