Мәзір
Бүгін, 17:33 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам көз жұмды

Жетісу облысындағы Сарыөзек – Көктал тасжолында ауыр жол апаты болды. Апат салдарынан алты адам қаза тапты. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам көз жұмды Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам көз жұмды
Фото: видеодан алынды

Жол-көлік оқиғасы тасжолдың 110-шақырымында болған. Полицияның мәліметінше, екі Chevrolet Cobalt көлігі соқтығысқан. Көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа автокөлікпен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция апаттың барлық мән-жайын, оның ішінде көліктің қарсы жолаққа шығу себебін анықтап жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2