Шортанды ауданының прокуратурасының мәліметінше, прокуратура жүргізген талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің бірі бірнеше ай бойы букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы тұрақты түрде бәс тіккені белгілі болды. Ол ойын шотын 5,7 млн теңгеден астам сомаға толықтырған.
Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметші «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдардың талаптарын, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзғаны анықталды.
Осы факті бойынша прокуратура прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде кінәлі тұлғаларға тәртіптік шара қолданылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер арасында мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.