Мәзір
Бүгін, 16:56 / BuginMedia / Жаңалықтар

Түркістан облысында белгілі балуан зауытта жұмыс кезінде көз жұмды

Түркістан облысында кафель өндіретін зауытта жұмыс істеген спортшы Тілектес Әділ жазатайым оқиғадан қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz Sport Bugin басылымына сілтеме жасап.

Түркістан облысында белгілі балуан зауытта жұмыс кезінде көз жұмды Түркістан облысында белгілі балуан зауытта жұмыс кезінде көз жұмды
әлеуметтік желіден

Марқұмның досының әлеуметтік желідегі жазбасына қарағанда, қайғылы жағдай спортшы зауытта жұмыс істеп жүрген кезде болған. Оның айтуынша, Тілектес Әділ электр сымына абайсызда тиіп, ток соғу салдарынан биіктіктен құлаған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Тілектес Әділ Бақытжанұлы есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы жарыстарға қатысып, Қазақстан атынан өнер көрсеткен. Ол ел чемпионаттары мен спартакиадаларда бірнеше рет жүлде алған.

2018 жылы Ақтөбеде өткен есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы II Қазақстан спартакиадасында грек-рим күресінен 55 келі салмақта чемпион атанды.

2019 жылы Қостанайда өткен ересектер арасындағы грек-рим күресінен командалық Қазақстан чемпионатында 60 келі салмақта бірінші орын иеленді.

Спортшы республикалық және халықаралық жарыстарда да жүлдегер атанған.

Тілектес Әділдің артында жары мен екі баласы қалды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2