Әншінің айтуынша, ерлі-зайыптының екеуі де тамақтан уланып қалған. Қазір олар Өскеменге ұшып бара жатыр.
Жігер Ауыпбаев бұған дейін өзі ауырған кезде жұбайының оған ерекше қамқорлық көрсеткенін еске алған. Енді жарының сырқаттанып қалғаны оған ауыр тигенін жеткізді.
«Мен ауырғанда құдайы қалмай шырылдап, емдеп алушы еді. Енді екеуіміз де уланып қалып, Өскеменге ұшып бара жатырмыз. Алтыным сол, мен ауыра берейін. Сен ауырмашы», – деп жазды әнші.
Ол жұбайының қиналғанын көру қиын екенін айтып, жарының әрдайым күліп, көңілді жүргенін қалайтынын жеткізді.
«Сенің күліп жүргенің – мен үшін мереке», – деді Жігер Ауыпбаев.
Әнші жұбайының тезірек сауығып, денсаулығы қалпына келуін тіледі.