Мәзір
Бүгін, 12:27 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды

«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып Ләззат Танысбай тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды
Мәдениет және ақпарат минитсрлігі

Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Осы уақыт ішінде ол «Астана» телеарнасы, «Нұр-Медиа» медиахолдингі, «Қазақстан» РТРК және «Бірінші арна Еуразия» сияқты ірі медиақұрылымдарға басшылық етті.

Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.

Жаңа қызметінде Танысбайға «Хабар» агенттігінің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, негізгі жұмыс бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту міндеті жүктелді.

Сондай-ақ «24KZ» телеарнасының еліміздегі жетекші қоғамдық-саяси арна ретіндегі позициясын нығайту көзделіп отыр.

Бұған дейін «Хабар» агенттігін басқарған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен босатылды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2