Мәзір
Бүгін, 12:20 / BuginMedia / Жаңалықтар

Балаева журналистен қашқан Армангүл Тоқтамұрат төңірегіндегі дауға үн қатты

Мәдениет және ақпарат министрі журналистерді Құрылтай депутаттарына қатысты орынсыз пікірлер мен буллингке жол бермеуге шақырды. Министр соңғы күндері депутаттардың, әсіресе тұрғын үй мәселесіне қатысты әлеуметтік желіде түрлі әңгімелер тарап жатқанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Балаева журналистен қашқан Армангүл Тоқтамұрат төңірегіндегі дауға үн қатты Балаева журналистен қашқан Армангүл Тоқтамұрат төңірегіндегі дауға үн қатты
Коллаж: Ertenmedia.kz

Министрдің сөзінше, кейбір пікірлер сын шеңберінен шығып, жеке басқа тиісуге ұласып барады.

«Соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутаттарына қатысты, оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша түрлі алыпқашпа әңгімелер мен орынсыз пікірлер айтылып, мұның соңы буллингке ұласып бара жатқаны байқалады», – деді министр.

Ол мәдениет және медиа саласы қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.

Министрдің айтуынша, алғашқы жылдары журналистерге пәтер редакциялар ұсынған тізім бойынша берілген. Ал кейінгі жылдардан бері тұрғын үй саланың жылжымайтын мүлкі жоқ қызметкерлеріне ғана қолданыстағы тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес ұсынылып келеді.

«Мәдениет және медиа саласы қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі жүйелі түрде шешіліп келе жатқанын атап өткім келеді», – деді ол.

Министр түсінбеушілікке жол бермеу үшін мемлекеттік органдар өкілдері мен Құрылтай депутаттары журналистерді қызықтырған мәселелер бойынша мүмкіндігінше толық түсініктеме беруі қажет екенін атап өтті.

Сонымен бірге министр кәсіби журналистиканың негізгі талаптарының бірі – әдеп нормаларын сақтау екенін еске салды.

«Қудалау, жеке басқа тиісу, айла-шарғы жасау, елең еткізер тақырып үшін әдейі арандату кәсіби журналистке жараспайды», – деді ол.

Министрдің айтуынша, «Масс-медиа туралы» заңда кәсіби әдеп нормаларын сақтау журналистің міндеті ретінде көрсетілген. Мұндай талап журналистерге әлемнің көптеген елінде қойылады.

«Сыйластық сапалы журналистиканың дамуына әрдайым ықпал етеді», – деді министр.

Осыған байланысты ол журналистерді аккредиттеу қағидалары мен іс-шаралар регламентін ғана емес, кәсіби әдеп нормаларын да сақтауға шақырды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2