Мәзір
Бүгін, 10:39 / BuginMedia / Жаңалықтар

Құрылтайда журналистерге қойылатын талаптар жарияланды

Қазақстан Құрылтайын ақпараттандыратын аккредиттелген журналистердің құқықтары мен міндеттері белгіленді. Тиісті талаптар журналистерді аккредиттеу қағидаларында көрсетілген,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Құрылтайда журналистерге қойылатын талаптар жарияланды Құрылтайда журналистерге қойылатын талаптар жарияланды
Фото: gov.kz

Қазақстан Құрылтайын ақпараттандыратын аккредиттелген журналистердің құқықтары мен міндеттері белгіленді. Тиісті талаптар журналистерді аккредиттеу қағидаларында көрсетілген.

Аккредиттелген БАҚ өкілдері Құрылтай ғимараттарында өтетін іс-шараларға қатысып, арнайы белгіленген орындарда жұмыс істей алады. Олар ақпарат жинау үшін телефон, диктофон, фото және бейнеаппаратура, сондай-ақ портативті компьютерлерді пайдалануға құқылы.

Журналистер Құрылтайдың тұрақты комитеттері, партия фракциялары мен депутаттық топтарының шақыруымен іс-шараларға қатыса алады. Сонымен қатар депутаттармен, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесуге мүмкіндік бар.

БАҚ өкілдері Құрылтайдың баспасөз қызметі ұйымдастыратын сұхбаттарға, брифингтерге, баспасөз конференцияларына және басқа да іс-шараларға қатыса алады. Бас редактордың жазбаша өтініші бойынша баспасөз қызметінің көмегімен Құрылтайдың фото және бейнематериалдарын пайдалануға да рұқсат етіледі.

Журналистер нені сақтауы керек?

Аккредиттелген журналистер Құрылтайдан алған ақпаратты тек өздері аккредиттелген БАҚ-та таратуы тиіс. Сондай-ақ іс-шараларды өткізу регламентін, ғимараттағы өткізу режимі мен ішкі тәртіп талаптарын сақтауға міндетті.

Аккредиттеуге өтініш беру арқылы журналист аталған талаптарды, кәсіби және әдеп нормаларын орындауға келісім береді.

Бұдан бөлек, Құрылтай ғимаратына барған кезде іскерлік стильдегі киім үлгісін сақтау талап етіледі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2