Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз жанармай тасымалдауға қатысты 333 құқық бұзушылық анықталды. Полиция 6 тонна жанармайды тәркіледі.
Тексеру кезінде 291 жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай көліктерге жанармай тасымалдауға арналған қосымша жабдықтар орнатылған.
Тағы 132 жүргізуші осыған ұқсас құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7 және 10-бөліктері бойынша жауапқа тартылды.
Тек тамыз айында өңірде заңсыз жанармай тасымалдауға қатысты 106 дерек тіркелген. Оның 64-і рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқаруға, 42-сі құқық бұзушылықты қайталап жасауға қатысты.
Жыл басынан бері заңсыз тасымалдауға пайдаланылған 423 көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция көлікті заң талаптарын бұза отырып қайта жабдықтап, жанармай тасымалдау үшін пайдалануға болмайтынын ескертті.
«Көлік құралын белгіленген талаптарды бұза отырып қайта жабдықтап, оны жанармай тасымалдау үшін пайдалану заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады», – деп ескертті полиция.