«Қазгидромет» РМК-ның болжамынша, 19 шілде, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда күндіз нөсер жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді. Күндіз оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман күтіледі.
Мамандардың болжамынша, 12 өңірде аптап ыстық сақталады.
+35...+44 градусқа дейін ыстық болатын өңірлер:
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының шығысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін көтеріледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында +38...+42 градус ыстық болады.
Қызылорда облысында ауа температурасы +40...+44 градусқа дейін жетеді.
+48 градусқа дейін аптап ыстық күтілетін өңірлер:
Жамбыл облысында +43...+45 градус;
Түркістан облысында +45...+48 градус;
Алматы және Жетісу облыстарында +40...+45 градус;
Ұлытау облысында, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде +40...+42 градусқа дейін аптап ыстық болады.