Мәзір
Бүгін, 11:45 / BuginMedia / Экономика

Қазақстанға жанармай үшін келетіндер көбейді: Энергетика министрлігі не дейді?

Қазақстанда көрші елдермен салыстырғанда бензин мен дизель отынының бағасы төмен болғандықтан, «жанармай туризмі» байқалып отыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанға жанармай үшін келетіндер көбейді: Энергетика министрлігі не дейді? Қазақстанға жанармай үшін келетіндер көбейді: Энергетика министрлігі не дейді?
Фото Informburo.kz

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елдегі жанармай қоры тұрақты. Бензин мен дизель отынының жиынтық қоры 1,1 млн тоннадан асады.

«Қазақстандағы баға көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда төмен. Сондықтан «жанармай туризмі» бар. Біз ЕАЭО құрамында болғандықтан, шекараны жаба алмаймыз және кез келген туристің, соның ішінде жанармай үшін келетіндердің де ағынын шектей алмаймыз», – деді министр.

Оның сөзінше, мұндай шешім ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар, елдің жауапкершілігіне де байланысты қабылданған.

Сондай-ақ Ерлан Ақкенжанов көрші елдердегі жағдайды ескере отырып, Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарын келесі жылдың көктеміне ауыстыру туралы шешім қабылданғанын айтты. Бұған дейін министр Ресейдің оңтүстік өңірлерінде бензин тапшылығы байқалған тұста Қазақстандағы жанармай қоры жеткілікті екенін мәлімдеген болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2