Мәзір
Бүгін, 12:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Аптап ыстық басылар емес: 1 тамыздан бастап қай өңірлерде күн салқындайды?

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің көптеген өңірінде аптап ыстық сақталып, жауын-шашын көбіне қысқа мерзімді әрі жергілікті сипатта болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Аптап ыстық басылар емес: 1 тамыздан бастап қай өңірлерде күн салқындайды? Аптап ыстық басылар емес: 1 тамыздан бастап қай өңірлерде күн салқындайды?
Фото: dzen.ru

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік және орталық өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Ең жоғары ауа температурасы елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысы және орталық аймақтарында тіркеледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтеріледі.

Ал батыс өңірлерде 1 тамыздан бастап ауа райы біртіндеп өзгере бастайды. Температура аздап төмендегенімен, климаттық нормадан жоғары деңгейде сақталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2