Мәзір
Бүгін, 19:43 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қызылорда облысында жол апатынан үш өзбекстандық қаза тапты

Қызылорда облысында Nexia-2 жеңіл көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың барлығы — Өзбекстан азаматтары, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қызылорда облысында жол апатынан үш өзбекстандық қаза тапты Қызылорда облысында жол апатынан үш өзбекстандық қаза тапты
жасанды интеллект

Қызылорда облысында үш адамның өмірін қиған жол апаты 22 тамыз күні таңғы сағат 7:00 шамасында Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент тасжолының 1831–1836-шақырым аралығында, Бірқазан ауылының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Nexia-2 жеңіл көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Жеңіл көлікте болған Өзбекстанның үш азаматы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қаза тапқандардың денесі Өзбекстанға жеткізіледі

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, жол апатына байланысты арнайы жұмыс тобын құрды.

Қазір қаза болғандардың денесін Өзбекстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.

Өзбекстан тарапының өкілдері қазақстандық әріптестерімен байланыста болып, жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау жұмыстарына қатысып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2