Мәзір
Бүгін, 13:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда Telegram істемей тұр

13 тамызда Қазақстанда Telegram мессенджерінің жұмысында ақау байқалды. Көптеген қолданушы хабарлама жіберу, қабылдау және файл жүктеу кезінде қиындыққа тап болған. Кейбірінде қосымша мүлдем ашылмаған. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жағдайдан хабардар екенін және мамандар ақаудың себебін анықтап жатқанын мәлімдеді. «Қазақтелеком» да Telegram трафигінің күрт төмендегенін растаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда Telegram істемей тұр Қазақстанда Telegram істемей тұр
ашық дереккөз

Қазақстанда Telegram мессенджерінің жұмысы 13 тамыз күні шамамен сағат 11:25-те бұзылды. Қолданушылар мессенджерге қосыла алмай, экранда «қосылу» белгісінің ұзақ уақыт айналып тұрғанын байқаған. Соның салдарынан Telegram арналарындағы жаңа жазбалар да жаңармай қалған.

Мессенджердің жұмысындағы ақауға қатысты қолданушылар әлеуметтік желілерде де жазды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Telegram-дағы мәселе туралы хабардар екенін мәлімдеді.

«Telegram мессенджерінің ашылуына байланысты жекелеген қолданушылардан шағымдар түсе бастады. Қазір мамандар ақаудың себебін анықтап жатыр», — деп хабарлады министрлік.

Алдын ала мәлімет бойынша, мәселе Қазақстандағы қолданушыларға әсер еткен. Басқа елдерде Telegram-ның жаппай істен шыққаны туралы ақпарат болмаған.

«Қазақтелеком» өз желісінде апат немесе техникалық ақау тіркелмегенін хабарлады. Компанияның мәліметінше, желі қалыпты жұмыс істеп тұр. Алайда Telegram трафигінің айтарлықтай төмендеуі Мәскеу мен Франкфурттегі халықаралық дерек алмасу нүктелерінде байқалған.

Айта кетейік, 2026 жылдың шілде айының соңында Ресей билігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты экстремизм мен терроризмге қатысы бар адамдардың тізіміне енгізген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2