Мәзір
Бүгін, 09:03 / BuginMedia / Жаңалықтар

12 тамызда кей өңірлерде жаңбыр жауып, 44 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 12 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

12 тамызда кей өңірлерде жаңбыр жауып, 44 градусқа дейін ыстық болады 12 тамызда кей өңірлерде жаңбыр жауып, 44 градусқа дейін ыстық болады
Ашық дереккөз

12 тамыз, сәрсенбі күні атмосфералық фронттардың ықпалымен еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін.

Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.

Синоптиктердің болжамынша, елде аптап ыстық әлі де сақталады. Күндіз ауа температурасы батыс пен орталықта +27…+39 °C, солтүстік-батыс пен солтүстікте +25…+35 °C, шығыс пен оңтүстік-шығыста +30…+42 °C, ал оңтүстік өңірлерде +37…+44 °C-қа дейін көтеріледі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2