Мәзір

"Қара дуа жасаған": ене келініне қастандық жасаған

"Қара дуа жасаған": ене келініне қастандық жасаған "Қара дуа жасаған": ене келініне қастандық жасаған
ашық дереккөз

Психолог Ақмарал Орынбаева алты жыл бойы ана болуды армандап, жеті рет жүктілігінен айырылған келіншектің оқиғасын баяндады. Оның айтуынша, әйел отбасындағы ауыр жағдайдан кейін ажырасып, бірнеше рет өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Бұл туралы психолог әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақмарал Орынбаеваның сөзінше, психологтың қабылдауына келген келіншек алты жыл отбасылы болғанымен, ана болу бақытына жете алмаған. Жүкті болған сайын жүктілігі үзіліп, осындай жағдайды жеті рет бастан өткерген.

Әйелдің айтуынша, өзі де, күйеуі де медициналық тексеруден өткен. Алайда дәрігерлер денсаулығынан кінәрат таппаған. Кейін ол емшіге барған.

Психологтың жазбасында келіншектің үйінен белгісіз заттар табылғаны айтылады. Әйелдің сөзінше, төсектің астынан, шкафтың артынан және үйдің түрлі қуысынан оралған, тесілген заттар мен шіркеу шамдарына ұқсас бұйымдар шыққан. Емші мұны қара дуамен байланыстырған.

Осыдан кейін келіншек кімнен күдіктенерін білмей, енесінің әрекеттеріне назар аудара бастаған. Бір күні енесінің қызына «Мынаны үйден кетіру үшін тағы да дуа жасаттым» деген сөзін естіп қалғанын айтады.

Бұл жағдайдан кейін келін мен ененің арасында үлкен жанжал туындаған. Психологтың жазуынша, сол кезде енесі де айтқанын мойындаған. Алайда келіншектің күйеуі әйелінің сөзіне сенбей, ақыры отбасы ажырасумен аяқталған.

«Алты жыл бойы бір шаңырақтың түтінін түтетемін, ана боламын деп үміттенген әйелдің жүрегінде қандай жара қалғанын елестетіп көріңізші», – деп жазды Ақмарал Орынбаева.

Психологтың айтуынша, келіншекті қабылдауына әпкесі алып келген. Ол басынан өткен ауыр жағдайдан кейінгі жан жарасынан арылып, психологиялық көмек алуға жүгінген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2