Мәзір
Бүгін, 15:46 / BuginMedia / Жаңалықтар

Оқушы алдымен атасы мен әжесін, кейін мектепте 5 мұғалімді атып өлтірген

Таиландтың Нонтхабури провинциясындағы Дебсирин мектебінде оқ атқан жасөспірім мектепке бармас бұрын өз атасы мен әжесін атып өлтірген. Бұл туралы Thai PBS телеарнасы Таиланд ішкі істер министрінің орынбасары Пхонпхир Суванначавидің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқушы алдымен атасы мен әжесін, кейін мектепте 5 мұғалімді атып өлтірген Оқушы алдымен атасы мен әжесін, кейін мектепте 5 мұғалімді атып өлтірген
Фото Depositphotos.com

Шенеуніктің айтуынша, жасөспірім алдымен үйінде ата-әжесіне оқ жаудырып, кейін мектепке барған. Қолданылған қару бұрын мұғалім болып жұмыс істеген атасының атына тіркелген.

Министр орынбасарының мәліметінше, мектептегі шабуыл салдарынан бес мұғалім қаза тапқан. Кейін күдікті өз-өзіне оқ атып, оқиға орнында көз жұмған. Осылайша, алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғада барлығы сегіз адам – бес мұғалім, шабуылдаушының ата-әжесі және өзі қаза болған.

Алайда бұл ақпарат Нонтхабури провинциясының төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы бұған дейін жариялаған мәліметпен сәйкес келмейді. Бұған дейін ведомство мектепте жеті адамның – үш мұғалімнің, үш оқушының және шабуылдаушының қаза тапқанын хабарлаған еді. Қазіргі уақытта қаза болғандар туралы ресми түпкілікті ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі оқиға салдарынан 22 адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Оның ішінде жеті бала бар6  тоғыз адамның жағдайы ауыр. Екі оқушы жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір полиция жасөспірімнің үйден мектепке дейінгі қозғалысын анықтау үшін бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп жатыр. Әзірге шабуылдың нақты себебі белгісіз.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2