Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жұртшылықты нақты мән-жайды білмей тұрып, өзгелердің сөзіне сеніп қорытынды жасамауға шақырды.
«Біреудің өсек-аяңы негізінде қорытынды жасамауға кеңес беремін. Шындықтың бәрін білмей тұрып, адам туралы жаман айтудың қажеті жоқ. Мен бұрынғыша бұл жағдайды көпшілік алдында талқылағым келмейді. Мұндай мәселелер отбасы ішінде шешіліп, талқылануы керек деп есептеймін», – деп жазды Итаев.
Сондай-ақ блогер қандай жағдай болса да, балаларының жанынан табылатынын айтып, оларды ешқашан тастап кетпейтінін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін блогер Айым Сейтметова жұбайы Талғат Итаевпен ажырасу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген еді.