Мәзір
21 шілде, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алматыда ер адаммен танысқан қыз полиция шақырды

Алматыда ер адам мен қыздың қатысуымен болған оқиғаға байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматыда ер адаммен танысқан қыз полиция шақырды Алматыда ер адаммен танысқан қыз полиция шақырды
Фото pixabay

Полицияның мәліметінше, «102» арнасына Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жас қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалуы мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу барған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз қиын жағдайға тап болғанын айтып, көшеде танысқан ер адамның үйіне барғанын жеткізген. Кейін олардың арасында жанжал туындап, қыз полицияға жүгініп, ер адамның өзіне қатысты заңсыз әрекет жасағанын мәлімдеген.

Ал ер адам қыздың туыстарына бара алмай, байланыссыз қалғанын айтқандықтан, оған тек уақытша көмек көрсетуді ұсынғанын түсіндірген.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, екі тараптың да түсініктемесін тексеріп жатыр. Сондай-ақ қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2