Мәзір
Бүгін, 16:59 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жігіт 3 жылға сотталды

Threads желісінде әскердегі зорлық туралы жалған ақпарат таратып, ақша жинамақ болған астаналық 3 жылға сотталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жігіт 3 жылға сотталды «Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жігіт 3 жылға сотталды
Фото: Видеодан скрин

Астанада әлеуметтік желі арқылы әдейі жалған ақпарат таратып, ақша жинамақ болған 23 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Тергеу мәліметінше, биыл ақпан айында ол Threads әлеуметтік желісінде анонимді аккаунт арқылы әскери қызмет кезінде өзіне жыныстық зорлық-зомбылық жасалғанын және өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған. Жарияланымға ақша аударуға арналған банк реквизиттері де тіркелген.

Кейін әлеуметтік желі қолданушыларының бірінің шағымынан соң жүргізілген тексеру барысында бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Сонымен қатар, күдіктінің ешқашан әскери қызмет өтемегені белгілі болды.

Тергеу барысында оның ақша жинау үшін мән-жайды білмейтін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланғаны анықталды. Екі күн ішінде аталған шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен.

Күдікті тергеу кезінде жалған ақпаратты тек қаржылық пайда табу мақсатында жариялағанын мойындаған.

"Аталған факті бойынша алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген ақпаратта.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырып, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге кеңес берді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2