Қайғылы оқиға Шаян–Екпінді автожолында түнгі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмған.
Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол мен ауа райы жағдайын ескеруге, жылдамдықты асырмауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырды.