Мәзір
Бүгін, 19:16 / BuginMedia / Жаңалықтар

44 млн теңгеден астам қаражат жымқырған кәсіпкер әйел сотталды

Қостанайда 44 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

44 млн теңгеден астам қаражат жымқырған кәсіпкер әйел сотталды 44 млн теңгеден астам қаражат жымқырған кәсіпкер әйел сотталды
Фото: istockphoto.com

Қостанай қалалық соты 44 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған кәсіпкерге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Қостанай облыстық соттарының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот мәліметінше, сотталушы өз атына тіркелген «Velvet» жеке кәсіпкерлігі арқылы интернет-сауда алаңдарында азаматтарға тауарды бөліп төлеу рәсімдеуге көмектесетінін айтып, қызмет ұсынған. Алайда ол тауарларды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған және мұны бастапқыда-ақ орындау ниеті болмаған. Тергеу дерегіне сәйкес, түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, жеке қажетіне жұмсаған.

Сонымен қатар, кәсіпкердің Қостанай облысындағы ресми айырбастау пункттерінен төмен бағаммен теңгені Ресей рубліне және АҚШ долларына айырбастау қызметін лицензиясыз көрсеткені анықталған. Тергеу барысында ол айырбастау операциялары барысында да жәбірленушілерден алынған қаражатты заңсыз иемденгені белгілі болды.

Салдарынан төрт адамға жалпы сомасы 44 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сот үкімімен кәсіпкер сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол 3 жыл бойы қаржылық қызмет көрсету саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2