Тележүргізушінің айтуынша, келініне сырға салған.
"Қуанышты бөліссең, көбейеді деген сөз бар қазақта. Менің де сіздерге айтар сүйінші жаңалығым бар. Бүгін болашақ келінімізге сырға салдық. Мен Айнұрды @rashitainura_ 4 жылдан бері танимын. Даниал әскерге кеткенде, Айнұр екеуіміз бірге барып жүрдік. Сол кезде ұлымның жар таңдауда қателеспегеніне риза болдым. Айнұр тек сүйген жары ғана емес, ұлымның артындағы сенімді тыл болатынына көзім жетті. Сырға салу - ең әдемі, тағылымға толы дәстүр. Тіпті, жұбайлық өмірдің алғашқы баспалдағы десек те болады. Ең бастысы - құдалардың алдынан өттік, батасын алдық", - деп жазды ол.
Тележүргізуші сонымен қатар өзінің енесі және болашақ келінімен бірге түскен суретін де жариялады.
"Мен бүгін ресми түрде Мамочкамның «коллегасы» болдым. Мен қандай ене болатынымды әлден білем. Өйткені, менің жанымда маған үлгі болатын жан бар", - деп жазды ол.