Мәзір
Бүгін, 10:14 / BuginMedia / Жаңалықтар

ШҚО-да ерлі-зайыпты қайғылы жағдайда көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

ШҚО-да ерлі-зайыпты қайғылы жағдайда көз жұмды ШҚО-да ерлі-зайыпты қайғылы жағдайда көз жұмды
Фото: iz.ru

Толығырақ

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Уварово ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Қайғылы оқиға салдарынан ерлі-зайыпты қаза болды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Алайда ол жанатын заттардан уланып қалған. Оқиға орнына келген Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ер адамға реанимациялық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Өртті сөндіру барысында ТЖД қызметкерлері үй ішінен 1953 жылы туған үй иесінің әйелінің денесін тапқан.

Өрт 80 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2