ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НЕШЕ КҮН ДЕМАЛАДЫ?
Бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін азаматтар үшін 4, 5 және 6 шілде күндері — сенбі, жексенбі және дүйсенбі — қатарынан демалыс болып есептеледі. Жұмыс 7 шілде, сейсенбі күні қайта жалғасады.
Ал алты күндік жұмыс режимінде жұмыс істейтіндер үшін қосымша демалыс тек 6 шілде, дүйсенбіге тиесілі. Бұл жағдайда 4 шілде (сенбі) жұмыс күні болып қала береді, ал демалыс 5 және 6 шілдеге түседі.
ХҚКО-ЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, 6 шілде күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетпейді.
4 шілде, сенбі күні тек кезекші бөлімшелер ғана жұмыс істейді.
Кезекші ХҚКО-лар 09:00–13:00 аралығында қабылдау жүргізеді.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады, ал дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жалғасады.
7 шілдеден бастап барлық ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне оралады.