Мәзір
Бүгін, 14:04 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанадағы LRT-де өрт шықты

Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанадағы LRT-де өрт шықты Астанадағы LRT-де өрт шықты
Фото CTS

Толығырақ 

Бүгін сағат 13:28-де «Сығанақ» пен «Бәйтерек» стансаларының аралығында кабель жанды. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
 

"Өрт жедел түрде сөндірілді. Инфрақұрылымның жай-күйі тексеріліп, қауіпсіздігі расталғаннан кейін пойыз қозғалысы толық көлемде қайта жанданды", - делінген City Transportation Systems хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жеңіл рельсті көлік жүйесі Tarlan Astana желілерінде электр кабельдерінің жанғаны туралы хабарлаған.

Астанадағы LRT Tarlan Astana 16 мамырда ашылған болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2