Мәзір
Бүгін, 10:53 / BuginMedia / Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: кандидат ұсыну мен үгіт мерзімі белгілі болды

Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Құрылтай сайлауы: кандидат ұсыну мен үгіт мерзімі белгілі болды Құрылтай сайлауы: кандидат ұсыну мен үгіт мерзімі белгілі болды
сайлау

Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді.

Оның айтуынша, сайлау науқаны жалпы 54 күнге созылады. Кандидаттарды ұсыну 2–13 шілде аралығында жүргізіледі. Сайлауға кандидаттарды тек тіркелген саяси партиялар ғана ұсына алады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі 23 шілде сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады. Үгіт жұмыстарының ұзақтығы – 29 күн.

22 тамыз – тыныштық күні болса, 23 тамызда дауыс беру өтеді.

Дауыстарды санау және дауыс беру қорытындылары бойынша хаттамаларды рәсімдеу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Құрылтай депутаттары сайлауының ресми қорытындысы дауыс беру күнінен кейін 10 күн ішінде жарияланады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2