Мәзір
19 мамыр, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

СҚО-да тағайындалғанына үш ай болған әкім өлі табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округтің әкімі суицид жасады, деп хабарлайды Buginmedia.kz.

СҚО-да тағайындалғанына үш ай болған әкім өлі табылды СҚО-да тағайындалғанына үш ай болған әкім өлі табылды
Фото:gov.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, ауыл округінің әкімі Ерлан Смаилов өзіне қол жұмсаған.

Кеше ауыл әкімінің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Ер адамның денесін үйінің ауласындағы шаруашылық қора-жайдан танысы тапқан. Шенеуніктің мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мемлекеттік қызметшінің қаза болу дерегін растап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

"18 мамырда СҚО Май ауылында 48 жастағы тұрғынның денесі табылды. Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мән-жайы анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді СҚО ПД өкілдері.

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімі аппаратының сайтындағы мәліметке сәйкес, Ерлан Смайылов 1977 жылы 14 желтоқсанда Май ауылында дүниеге келген. Мамандығы бойынша ол – математика және физика пәнінің мұғалімі. Туған ауылындағы мектепте ұстаз болып, кейін бірнеше жыл жергілікті ЖШС-терде еңбек еткен.

Май ауылдық округінің әкімі лауазымын небәрі үш ай бұрын – 2026 жылдың 17 ақпанынан бастап атқарған.

Айта кетейік, бұл соңғы жарты жылда Қазақстанда тіркелген әкімдердің өзіне қол жұмсауына қатысты үшінші жағдай.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2