Астана сотының редакциямызға хабарлауынша, қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Үкім биыл 20 ақпанда шығарылған және қазірдің өзінде заңды күшіне енді.
Астана сотының редакциямызға хабарлауынша, қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Үкім биыл 20 ақпанда шығарылған және қазірдің өзінде заңды күшіне енді.
"Басты сот талқылауы жабық сот отырысында өткенін ескере отырып, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, іс бойынша басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп хабарлады елорда соты.
Ержан Бабақұмаровтың өлімі
Ержан Бабақұмаров 2025 жылғы 30 қазанда қайтыс болды. Полиция мәліметінше, ол соққыға жығылған. Бұрыннан таныс адамдар арасында сөзге келіспеушілік туындап, соңы төбелеске ұласқан. Алған жарақаттары салдарынан 56 жастағы Бабақұмаров көз жұмған.
Сотқа іс материалдары Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша келіп түсті. Іс бойынша 37 жастағы Е.К. күдікті ретінде танылды.
26 қаңтарда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровты өлтіру ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.
Отырыс басталысымен тараптар сот процесін жабық өткізуді сұрады және сот бұл өтінішті қанағаттандырды.
Іс бұған дейін бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа үкім кескен судья Айжан Құлбаеваға берілді. Судья сот отырысының жабық өтуін қаза тапқан Ержан Бабақұмаровтың кәмелетке толмаған балаларын қорғау қажеттілігімен түсіндірді.
Күдікті туралы не белгілі
Ержан Бабақұмаровты өлтірді деген күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 2025 жылғы сәуірде ол Астанадағы пәтерінде азаматтық некедегі әйелін соққыға жыққан.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жанжал кезінде ер адам әйелдің бетінен екі рет, қабырғасынан екі рет ұрған. Соның салдарынан ол орташа ауырлықтағы жарақаттар алды: қабырғалары мен көз шарасы сынған, бассүйегі мен мұрын қойнаулары зақымдалған.
Ержан Бабақұмаров деген кім?
Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты.
1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болды. Атқарған қызметтерінің ішінде мыналар бар:
Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі;
Мәдениет және ақпарат вице-министрі және жауапты хатшысы;
Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары;
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры;
Президент кеңесшісі – Әкімшіліктің Талдау және болжау орталығының меңгерушісі.