Мәзір
Бүгін, 09:33 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда күн 32 градусқа дейін ысиды

"Қазгидромет" РМК 23-25 сәуірге ауа райы болжамын жариялады,деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда күн 32 градусқа дейін ысиды Қазақстанда күн 32 градусқа дейін ысиды
Фото Pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Елдің басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады, кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі. Жекелеген өңірлерде бұршақ түсіп, дауылды жел (шквал) соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +7…+18°С дейін төмендейді, солтүстік-батыста +10…+20°С болады.

Республиканың қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады:
солтүстікте +18…+27°С дейін,
орталықта +22…+30°С дейін,
шығыста +20…+28°С дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С,
оңтүстікте +27…+32°С дейін, таулы аймақтарда +22°С шамасында,
оңтүстік-шығыста +20…+30°С дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2