Мәзір
Бүгін, 12:31 / BuginMedia / Әлеумет

«Бұрын зорлау бабымен жазасын өтеген»: Жетісу облысында ер адам көрші әйелді 40 рет күрекпен ұрған

Жетісу облысында ер адам 41 жастағы көрші келіншекті күрекпен ұрып тастады. Ішімдікке тойып алған ер адам әйелдің балаларын боқтаған екен. Ұл-қыздарына араша түскен тұрғынға тап берген. Жәбірленушінің саусақ терілері жыртылып, басы жарылған. Ер адам бұған дейін зорлау бабымен жазасын өтеп келген екен. Қазір ол қамауда отыр. Бұл туралы buginmedia.kz 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұрын зорлау бабымен жазасын өтеген": Жетісу облысында ер адам көрші әйелді 40 рет күрекпен ұрған "Бұрын зорлау бабымен жазасын өтеген": Жетісу облысында ер адам көрші әйелді 40 рет күрекпен ұрған
Фото: видеодан алынды

Суықсай ауылында соққы алған әйел ауруханадан жақында ғана шыққан. Наурыз айында болған оқиғаны келіншек қорқынышпен еске алады. Соққылардың басым бөлігі бас тұсына бағытталыпты.

“2-3 рет ұрғаннан кейін жерге мен құладым. Қалай құладым, содан ұра берді ұра берді ғой. Бір 40-50 рет ұрған шығар. Басымнан қан саудырап аққанша, соға берді. Соғып тұрып неше түрліні айта берді”, – деді жәбірленуші Юлия Шарафутдинова. 

Жағдайды жәбірленушінің құрбысы да көрген. Күдікті менің араша түскеніме қарамастан соққы жасауын тоқтатпады дейді.

“Мен ажыраттым. Мына жағынан былай итердім. Сосын ол айналып келгенде, былай итердім. Арашалағанымша арашаладым. Қарулы еркек, оның үстіне ашулы. Боқтады”, – деді куәгер.

Тұрғындардың айтуынша, 49 жастағы күдікті бұған дейін де істі болған. Оған 2012 жылы зорлау бабымен жазасын өтепті.

Қазір полиция “қасақана денсаулыққа зиян келтіру" дерегімен қылмыстық іс қозғап, көршісін ұрған азаматты уақытша ұстау изоляторына қамады.

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Жетісу облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Қалықова.

Қазір “көршісін күректің астына алған” азаматқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ал жәбірленушінің жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2