Мәзір
Бүгін, 10:05 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Ішімдік ішіп, темекі шегеді, түсік жасатқан»: ҚазҰУ студенттердің жеке деректері тағы да тарап кеткен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің жеке деректері тағы да тарап кетті. Бұл жолы тәлімгерлердің темекі тартып, ішімдік ішкені, тіпті түсік тастағаны сынды әрекеті аты-жөнімен ашық жайылып кеткен. Білім ордасының басшылары ақпаратты «кімнің, қалай таратқанын білмейміз» деп отыр. Қазір қала прокуратурасына арыз жазылған, деп хабарлайды buginmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Ішімдік ішіп, темекі шегеді, түсік жасатқан": ҚазҰУ студенттердің жеке деректері тағы да тарап кеткен "Ішімдік ішіп, темекі шегеді, түсік жасатқан": ҚазҰУ студенттердің жеке деректері тағы да тарап кеткен
Фото: ашық дереккөз

Желіде тараған ақпаратта студенттер мен қызметкерлердің толық аты-жөні, қайда оқитыны, қай жатақханада, тіпті, қай бөлмеде жататынына дейін жазылған. Олардың ішімдік ішіп, темекі шеккені туралы мәлімет те бар. Қыздардың түсік тастағаны туралы да көрсетіліпті. Бұл жәйт әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерін алаңдатып отыр.

"Біреудің жеке басына қол сұғу және психикасына әсер етеді. Ондай нәрсе күнде болып жатады. Жас болған соң, университет қабырғасында түрлі қателік болады. Бірақ ондай қателіктерді бүкіл Қазақстанға жария салу, менің ойымша, қате", "Бәрібір, қандай жағдай болса да, университет білуі керек. Бірақ ол мәліметтің тарап кеткені дұрыс емес деп ойлаймын" дейді студенттер.

Студенттердің алаңдауына негіз бар. Себебі, екі жыл бұрын аталмыш білім ордасында "пәк қыздардың" тізімі тараған еді. Білім алушылар жағдай тағы қайталанбас үшін кінәлілер «тиісті жазасын алса» дейді.

Ал университет басшылығы жеке деректерді кім таратқанын «білмейміз» деп отыр. Қазір мұны анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр, прокуратураға да арыз жазылған.

"Біз оның әрқайсысына, әр қызметкерімізге, әр студентімізге, шетелден келген студенттерімізге, мұғалімдердің — бәріне жауаптымыз. Сол себепті жағдайды басқару орталығы дайындайтын құжатты, әрқайсысының жағдайы, денсаулығына қатысты ақпарат жазылып тұрғаны міндетті. Біз бұл мәселеге қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Прокуратура тексереді. Соның нәтижесі бойынша осындай жағдайға жол берген адамдарға тиісті жаза қолданылады", - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Бақытжан Омаров.

Алматы қаласының прокуратурасы да студенттердің жеке және медициналық деректерінің таралу фактісі бойынша тексеру бастаған. Олар кінәлілерді анықтап, заң бойынша жауапқа тартпақ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2