Мәзір
29 қаңтар, 2026 / BuginMedia / Әлемде

Қытайда қылмыстық топтың 11 мүшесі өлім жазасына кесілді

Қытайда Мьянмадағы алаяқтық орталықтарды ұйымдастыруға қатысы бар 11 адам өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды buginmedia.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда қылмыстық топтың 11 мүшесі өлім жазасына кесілді Қытайда қылмыстық топтың 11 мүшесі өлім жазасына кесілді
Фото Depositphotos.com

Өткен жылдың қыркүйегінде сот қылмыстық топтың 11 мүшесін өлім жазасына үкім еткен. Ұсталғандардың қатарында алаяқтық орталықтар мен заңсыз казиноларды басқарған Мин әулетінің мүшелері де болған. Олар Қытайдың 14 азаматын өлтіргені, сондай-ақ 1,4 млрд доллардан астам сомаға алаяқтық және құмар ойын операцияларын жүргізгені үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандар үкімге апелляция берген, алайда 2025 жылдың қараша айында сот оны қанағаттандырмай тастаған. Бұл ретте сот құжаттары жарияланбаған. Өлім жазасы бүгін, 29 қаңтарда орындалды.

БАҚ мәліметінше, заңсыз орталық Мьянма аумағында орналасқан. Бұл елде онлайн-алаяқтық платформалары ірі «бизнеске» айналған. Мин синдикатының жетекшісі Мин Сюэчан 2023 жылдың қараша айында отбасының басқа мүшелері қамауға алынған кезде өз-өзіне қол жұмсаған. Оның ұлы Мин Гопин мен немересі Мин Чжэньчжэнь өлім жазасына кесілгендердің қатарында болғанын «BBC-дің Орыс қызметі» жазады.

Сондай-ақ қыркүйек айында сот тағы бес айыпталушыға өлім жазасын екі жылға кейінге қалдырумен үкім шығарды. Ал 12 адамға 5 жылдан 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2