Мәзір
28 қаңтар, 2026 / BuginMedia / Білім

Президент әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енген Татьяна Белоусованы құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Президент әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енген Татьяна Белоусованы құттықтады Президент әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енген Татьяна Белоусованы құттықтады
Фото: Алматы әкімдігі

Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады.

"Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2