Павлодар облысында орын алған бұл жағдай ауылдағы қарапайым тұрмыстынқ жанжал емес, мемлекеттік қызметкердің мәдениеті мен жауапкершілігіне қатысты қоғамдағы үлкен мәселені ашып берді.
Желі қолданушыларының айтуынша, Екібастұз қалалық ветстанциясының фельдшері әкімнен жәбір көрген.
Полиция департаменті бұл деректі растады.
"Жағдай тұрмыстық сипатқа ие, олардың кәсіби қызметімен байланысты емес. Қатысушылар татуласты, шағым болмайды", – деп қысқа қайырды тәртіп сақшылары.