Мәзір
1 қазан, 2025 / BuginMedia / Экономика

Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі БҚО-да салынады

Алматы облысында екі АЭС салынады, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынуы мүмкін. Бұл тұралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі БҚО-да салынады Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі БҚО-да салынады
Фото: Istock.com

Оның айтуынша, атом саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында атом электр станциясын салуға арналған екінші перспективалы алаң – Алматы облысының Жамбыл ауданы болып белгіленген.

"Яғни екінші станция да еліміздің оңтүстігінде орналасады. Себебі оңтүстік аймақ – энергия тапшылығы бар өңір. Солтүстіктен оңтүстікке электр энергиясы желі арқылы тасымалданады. Сондықтан бұл аймаққа АЭС салу – энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырады. Біз барлық қатысушылармен, яғни конкурстың барлық қатысушыларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қытай пайдасына түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Бірақ біз бұл компанияны басты үміткер ретінде қарастырып келеміз. Алайда әлі нақты шешім қабылданған жоқ", – деді Сәтқалиев мәжілістегі брифингте. 

Ол сондай-ақ елдің батысында АЭС салу мүмкіндігі де қарастырылып жатқанын айтты.

"Батыс Қазақстан, Каспий жағалауы – әзірге нақты орын белгіленген жоқ. Шағын және орта қуатты реакторлары бар атом станциясын орналастыруға әлеуетті орын ретінде қарастырылып жатыр. Бұл бағытта тиісті зерттеулер алдағы уақытта жүргізіледі", – деді агенттік басшысы.

Айта кетейік, 2025 жылдың ақпан айында Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді. Бұл Алматы облысының Жамбыл ауданы болды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Айта кетейік, Жамбыл ауданында Үлкен ауылы орналасқан, бұл елдімекен АЭС салынуы мүмкін орындардың бірі ретінде бұрыннан айтылып келген. 

2025 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорына атом саласын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Президент болашақ АЭС салынатын орындарды таңдауда нақты көзқарас пен жан-жақты талдау қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ заманауи әрі қауіпсіз технологияларды қолдану керек екенін ескертті.

Мемлекет басшысы үкімет пен парламенттен екінші атом станциясын салатын орынды анықтауға қатысты ұсыныстар күтетінін жеткізді. Сол уақытта Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС-ті біріншісімен қатарластыра салу мүмкін екенін жоққа шығармаған еді. Жақында вице-премьер Роман Скляр Қазақстанда екінші және үшінші АЭС-ті Қытай мемлекеті салатынын мәлімдеген еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2